"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар музыкалық мектебінің қазақ тіліндегі "Әншуақ"балалар әндері фестиваліне қатысуы туралы

19.09.2024

2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні мерекеге орай алғаш рет қазақ тілінде «Әншуақ» балалар әндер фестивалі басталды, онда Макинск қаласының Балалар музыка мектебі вокал бөлімінің жас орындаушылары Тик - Ток платформасында өз өнерлерін жариялай отырып, белсенді қатысты.
Фестивальдің басты мақсаты-балалар әндерін қазақ тілінде насихаттау және тарату. Жобаның форматы тек қызығушылықты ояту, көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар қызығушылық тудыру, өз ана тілімізді білуге деген ұмтылыс, күшке деген мақтаныш сезімін ояту және бүкіл Қазақстан республикалық жоба аясында өз Отанынды жетелеу.
«Әншуақ» тақырыбында өткізілген аудандық, областық байқауларға Балалар музыка мектебі вокал бөлімінің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Балалар қорғау күніне арналған ауданымызда үлкен іс шара өткізілді, сонын ішінде Әншуақ фестивалінің Гала концерті ұйымдастырылды. Балалар музыка мектебінің вокал бөлімінің оқушылары Калиева Іңкәр, Болат Кәусар, Болат Айнель, Есимова Амина, Назымбекова Айым, Серік Томирис аудандық Гала концертке қатысып Мадақтама және бағалы сыйлықтарға ие болды. Маратова Акбота, Мырзахметова Балауса Көкшетау қаласында өткен «Әншуақ» фестивалінің шеңберінде өткізілген Облыстық «Жұлдызді сәт» жас әншілер байқауының Гала концертіне қалысып жүлделі орындарға ие болды.
Фестиваль ең жарқын және есте қаларлық ойын-сауық іс-шараларының біріне айналды.
Әншуақ фестивалі жалғасуда- 2024-2025 оқу жылы да фестиваль шеңберінде жаңа жұлдыздар жанады деп үміттенеміз.

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст