"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылына оқушыларды қабылдау туралы хабарландыру.

14.08.2024

Хабарландыру !!!

 

"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Макинск қаласының Балалар музыка мектебі" МКҚК 2024-2025 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша оқушыларды қабылдайтынын хабарлайды:

 

  • Қобыз- оқу мерзімі 5 жыл
  • Баян-аккордеон- оқу мерзімі 5 жыл
  • Домбыра оқу мерзімі - 5 жыл
  • Гитара оқу мерзімі – 5 жыл (бос орындар жоқ)
  • Вокал оқу мерзімі – 7 жыл

 

Осы мамандықтар бойынша бос орындар шектеулі!!!

 

Оқушылардың құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау  "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі:

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Балалар үшін қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжат қабылдау:

1) құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;

2) құжаттарды тапсыру үшін максималды күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет алушыға қызмет көрсетудің максималды уақыты

15 (он бес) минут.

Балалар музыка, көркем мектептерін, өнер мектептерін және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау оқуға қабылдау туралы өтінішті ресімдеу тәртібімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет берушіге құжаттарды жолдауы және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға нәтижесінің жеткізілуі әр тарап үшін 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Балалар музыкалық, көркем мектептеріне, өнер мектептеріне және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және қосымша білім беру ұйымына қабылдау кезінде-қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.

Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру мемлекеттік қызмет көрсету сағат 13.00 – ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.00-ға дейін жүргізіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініші;

2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысаны бойынша медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негіз болатын жағдайлар:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

2) қосымша білім беру ұйымдарындағы топтардың немесе топтарды қалыптастыру жоспарының толып кетуі

 

Біздің мекен-жайымыз: Балуан Шолақ көшесі, 30.

Анықтама телефоны: 8 (716 46) 4-24-12

 

 

 

 

Просмотров: 1149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст