Текст
15.12.2023 қобыз сыныбының оқытушысы Исабаева Н.Н., қосымша білім беру педагогтеріне арналған курстан соңғы жұмысымен, ZOOM платформасындағы әдістемелік баяндамасында мектебіміздің ұстаздарымен бөлісті. “Балалар музыка мектебіндегі оқыту тәжірибесінде мобильді қосымшалар мен онлайн тренажер ойындарын пайдалану” атты өз баяндамасында оқытушы, музыка мектебі уақыт талабына сай болып, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қазіргі мұғалім компьютерлер мен гаджеттерді өз қызметінде қалай қолдануға болатынын көрсетті.