Ел іші өнер кеніші дейді, бүгінгі күні осы өнерді ұлықтап жүрген жастарымыз баршылық соның дәлелі наурыз айының 27 – ші жұлдызында «Ән – әуен ұлт аспаптар фестивалін» - өткізген болғанбыз, оған 36 үміткер қатысты. Бірі қазақтың домбыра, қобыз аспаптарын күмбірлетсе, енді бірі гитара, баян, аккордион аспаптарымен өнерлерін ортаға салды. Алтынды орта мектебіне қарасты біздің домбыра классы бойынша филиалының оқушылары ұстазы Сүйніш Серигжан, Макинск қаласының мектеп - лицейінің «Мерейім» ансамблі жетекшісі Ахметжанов Ниязбек Мухатович және мектебіміздегі баян, қобызшылар, домбырашылар ансамбльдері бақтарын сынады, жетекшілері Шевченко С.В., Бекмурзина Ж.А. Осындай фестивальге ат салысқан өзінің бас жүлдесін тағайындап мараппаттаған Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары Ақманат Ақниетқызына алғыс айтамыз. Гран – при сыйлығын Алтынды ауылынан келген Сағымбаев Ербол иеленді. Жүлделі күндеріміз көп болсын.