2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңнамасына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Қосымша білім беруді қамтамасыз ету үшін балаларға қосымша білім беруді ұйымдастыру және құжаттарды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде қызмет көрсетіледі.
2021 жылы білім беру ұйымдары арқылы 59 қызмет көрсетілді.
2. «Мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамының біліктілік санаттарын (растауды) арналған аттестациялауға құжаттарды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде қызмет көрсетіледі.
2021 жылы - 2 қызмет көрсетілді, оның ішінде 2 мемлекеттік корпорация арқылы, 2 мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат қоғамдық орындарда ақпараттық «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК мемлекеттік мекемесінде орналасқан стендте әлеуметтік желіде және «Бұланды ақпарат» аудандық газетінде жарияланады. 2021 жылы 1 мақала жарияланды.
2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК мекемесіне қызмет алушылардан шағымдар келіп түспеді.
Байланыс ақпараты:
Макинск қ., балуан Шолақ, көшесі №30 үй, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі» МКҚК, телефон нөмірлері 4-24-12.
Қабылдау күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ға дейін.
Директор: С.Нуржанов