"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

02.08.2021

«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының Балалар музыка мектебі» МКҚК "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.

     1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру мемлекеттік қызмет көрсету 1 тамыздан 1 қазанға дейін сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
2) Мемлекеттік корпорация: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмаған, жедел қызмет көрсетусіз, мүмкін "брондауға" портал арқылы электрондық кезек;
 3) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстары жүргізілетін техникалық үзілістерді ескермегенде (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күнінің соңында, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда).
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
 Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетілетін мекен-жайлары www.nis.edu.kz интернет ресурсында, сондай-ақ, Министрліктің www.edu.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлігінде орналастырылған.      

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) баланың жеке басын куәландыратын құжат;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 035-2/У нысаны бойынша медициналық анықтама. № 035-2/У нысаны бойынша медициналық анықтама карантин аяқталғаннан кейін беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаудың күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады.

Мекен жай: Балуан Шолақ 30

Байланыс телефоны: 8 (716-46) 4-24-12

Просмотров: 148


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст