Текст
" />
28.09.2025
28 қыркүйек – Еңбек күні.
Бұл күн – адал еңбегімен айналасын көркейтіп жүрген барлық жанды құрметтеп, алғыс айту күні.
Осы мереке аясында біздің техникалық қызметкер – Сұлтанбаева Жанар Сыздыққызы кәсіподақ ұйымы атынан марапатталды.
Музыка мектебіміздің жайлылығы мен тазалығы – тек ұстаздардың ғана емес, техникалық қызметкерлердің де еңбегінің жемісі. Күн сайынғы қамқорлықтарыңыздың арқасында мектепте әрқашан жылылық пен үйлесім орнаған.
Бүгін біз сіздерге зор ықыласпен: Үлкен РАХМЕТ! – деп айтқымыз келеді. Сіздердің еңбектеріңіз көзге көп түсе бермесе де, біз үшін аса бағалы әрі қымбат.
https://www.instagram.com/p/DPJfIHrjGh7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==