Текст
Бүгін Макинск қаласының Балалар музыка мектебінің директоры С.Ж. Нуржанов Щучинск қаласында Ақмола облысының педагогтары үшін өткен Қазақстан Республикасы Қосымша білім беру педагогтарының республикалық секциясына қатысты.
🗓️ Іс шара республикалық педагогикалық тамыз конференциясы аясында жалпы "Білім келешегі-Адал Азамат, кәсіпби маман" тақырыппен өтті:
📌 Секция тақырыбы:
"Қосымша білім берудің кәсіпқой бағдарлау миссиясы: қызғалдақтан – болашақты таңдау"
Өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлауда қосымша білім берудің рөлі, оқушылардың қызығушылықтарын дамыту және әлеуетін ашудың негізгі мәселелері талқыланды.