2025 жылдың 27 мамыр күні сағат 11:00-де Балалар музыка мектебінің сахнасында «Балаларды қорғау күніне» арналған қазақ тіліндегі балалар әндерінің «Әншуақ» фестиваль аясында аудандық гала-концерті өтті!
Шараны ұйымдастырушылар — Бұланды ауданының білім бөлімі мен Макинск қаласының Балалар музыка мектебі.
Концерт барысында Бұланды ауданымыздың жас өнерпаздар қазақ тіліндегі әндерді орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
Іс-шара соңында: Бұланды ауданының білім бөлімінің басшысы Жолдығұлова Әлия Абдулвахитқызы барлық қатысушыларға:
🏅 Құрмет грамотасын
🎖 Медаль
🎁 Аудандық білім бөлімі мен Балалар музыка мектебінен бағалы сыйлықтар
🍬 Және демеушінін тәтті сыйлықтар табыстады.
Шынайы алғысымызды барлық қатысушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға, демеушілерге, және ұйымдастырушыларға білдіреміз! 💛