Текст
Бүгін 12 мамырда Балалар музыка мектебінің педагогтары Ақмола облысы балаларына қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған "Балалардың жазғы демалысы: идеялар, жобалар, іске асыру"тақырыбына оқыту семинарына тыңдаушы ретінде қатысты. Оқыту семинары ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Оқыту семинарының мақсаты: жазғы кезеңде онлайн режимде балалардың бос уақыты мен демалысын мазмұнды ұйымдастыру және қамтамасыз ету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, денсаулық жағдайы мен қажеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқыту семинарының ұйымдастырушылары: "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп.