2025 жылдың 28 сәуірінде Балалар музыка мектебінің ұжымы Бұланды ауданының білім бөлімінің "Дала батырларынан Отан қорғаушыларға"аудандық көркемөнерпаздар байқауына қатысты. Аудандық байқаудың концерттік бағдарламасына Балалар музыка мектебінен 3 нөмір қойылды:
1. Вокал бөлімінің оқушысы Мырзахметова Балауса, вокал бөлімінің педагогы Тлеуханова Жұлдыз Жилхбайқызы орындауында " Соғыстың әні". Жетекшісі: Исабаева Назира Нақыпбекқызы. Би рәсімдеу нөмірлері: "Радуга" БЖӨО би студиясы , жетекшісі Нұрғалиева Ильмира Жұмабайқызы;
2. "Катюша" халық бөлімшесі мен қазақ халық аспаптар бөлімшесінің педагогтары мен оқушыларының орындауында. Жетекшісі: Нұржанов Сертай Жатайұлы, Досаева Даража Тұрлыбекқызы;
3. "Айст на крыше" - Балалар музыка мектебінің оқушылары мен педагогтарының орындауында, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының педагогтары, Макинск қаласының 9 психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің педагогтары. Жетекшісі Сухоставская Елена Анатольевна.
Соңында құзыретті қазылар алқасы құрамына кірген мүшелері, Көкшетау қаласының Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің педагогтары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, аудандық "Бұланды Ақпарат" газетінің редакторы Бұланды ауданының білім бөлімінің "Дала батырларынан Отан қорғаушыларға" аудандық байқауын қорытындылады . Қорытындысы бойынша Балалар музыка мектебі - 2 орынға ие болды! Ұжымға "Этно стиліндегі сахналық костюмдер тігуге" сертификат және құрмет грамотасын табыс етті.