"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

I қалалық «Ер есімі ер есінде» атты әскери-патриоттық әндер онлайн фестиваль-байқауының ЕРЕЖЕСІ

19.04.2021

 

I қалалық «Ер есімі ер есінде» атты

 әскери-патриоттық әндер

онлайн фестиваль-байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Конкурсты ұйымдастырушылар: "Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі" ММ, «Ақмола облысы Білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының Балалар музыка мектебі» МКҚК

 

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Дарынды балаларды анықтау және қолдау, орындаушылық шеберлігін арттыру
  • Музыкалық талғамды қалыптастыру және тәрбиелеу
  • Патриоттық рух пен парызды, Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи мұраны еске алуға тәрбиелеу
  • Мәдени байланыстарды дамыту, музыкалық-педагогикалық білім беру сапасын арттыру, қатысушылар мен оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру

 

3. Конкурсты өткізу мерзімі мен нысаны: Фестиваль-Конкурс 03.05.2021бастап – 10.05.2021 дейін бейнежазбалар бойынша қашықтық формата өтеді. 2021 жылдың 11 мамырында фестиваль – байқаудың қорытындысы шығарылады. Қатысуға қала мектептерінің, үйірмелердің, қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады.

 

4. Жас топтары:

 

I-6-9 жас

II-10-13 жас

III-14-17 жас

 

5. Қатысу шарттары:

 

  • Фестиваль-байқауға қатысушы байқау тақырыбына сәйкес 1 (бір) шығарманы бейнежазба түрінде ұсынады.

 

  • Бейнетүсірілім бейнекамераға немесе смартфонға бір бейнефайлмен жазылуы тиіс, бейнені монтаждаудың және редакциялаудың кез келген түріне жол берілмейді. Қатысушының бейнеролигі 3 минуттан артық аспауы тиіс. Конкурсқа қатысу үшін 2021 жылдың 10 мамырына дейін (қоса алғанда) bul-makin-muz@yandex.kz makin.muz@mail.ru e-mail-ге   байқау өтінім мен бейнеролигін жіберу қажет

 

  • Конкурс қорытындыларын шығару 2021 жылғы 11 мамырда сағат 10.00 – де – офлайн режимінде, -қазылар алқасы мүшелері қатысушылар конкурстық бейне-жазбаларын тыңдауы арқылы өтеді.

 

Қатысушылардың өнерін бағалау үшін құрамына музыка мектебінің педагогтары кіретін қазылар алқасы құрылады.

 

Бағалау критерийлері:

 

-  интонация тазалығы

- Музыкалық және орындау мәнерлілігі, әртістік

- ән репертуарының сәйкестігі

 

 Конкурс қатысушыларды марапаттау:

 

 Қатысушылардың өнер көрсетуі 5 балдық шкала бойынша бағаланады. Қазылар алқасының барлық мүшелерінің балдарының сомасы қорытынды баға болып табылады;

 Тыңдаулардың қорытындысы жас топтарының қатысушыларымен бөлек шығарылады.

Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;

 Баяндамаларды талқылау қорытындысы қазылар алқасы мүшелері отырысының хаттамасы болып табылады.

 

 

 

Форма подачи заявки на участие

ФИО участника

Возраст

ная катего

рия

Исполняемая программа

ФИО Руководителя

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БММ Директоры                                                           С Нуржанов

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 209


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст