Текст
2025 жылдың 04 науырызда “Ақмола дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ZOOM платформасы арқылы балалар музыка мектептерінің педагогтеріне “Музыкалық білім берудегі ыңтымақтастық немесе педагог пен концертмейстердің шығармашылық бірлестігі” атты облыстық онлайн -вебинар өткізді. Балалар музыка мектебінің оқу іс жөніңдегі директор орынбасары А.Р. Тасанова, домбыра сыныбының педагогі Иманов А.Б. және концертмейстер Нурова Н.Д. вебинарға тыңдаушы ретінде қатысты.