2025 жылы 18-19 ақпан күндері «Ақмола облысы білім басқармасының, «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды аңыктау жене қолдау жөніңдегі орталығы» КММ Балалар музыка мектептерінін және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың республикалық байкауының « Жас дарын» атты облыстық іріктеу кезенін өткізді.
Байкаудың мақсаты музыкалық дарыны бар білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардын шыгармашылық белсенділігін, касіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқауға Аккөл, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Қорғалжын, Атбасар, Шортанды, Ерейментау, Зеренді, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Астрахан, Сандыктау аудандары, жалпы облыстын 14 ауданы мен Кекшетау, Степногорск қалаларынан барлығы 125 бала қатысты.
Байқау қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра, тенор, үш ішекті домбыра, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, акордеон, домра, балалайка, гитара) сыныбы бойынша өткізілді.
Әділ қазы алқасының қорытынды шешімі бойынша келесі жеңімпаздар аңықталды:
«Домбыра сыныбы» номинациясы бойынша кіші жас тобы:
III орын - Жексенбай Ерали, Бұланды ауданы, Макинск қаласынын Балалар музыкалық мектебі, педагог Смагулов Мейрам Каирович, концертмейстер Нурова Нарис Давлатмуродовна. Құттықтаймыз!