Текст
18.12.2024
17.12.2024 жылы Макинск қаласының Балалар музыка мектебінің фортепиано бөлімінің педагогы Турубаева Ботагөз Ералиқызы педагогтарды "Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы балаларға арналған фортепиано музыкасы" тақырыбында әдістемелік баяндамамен таныстырды. Іс-шара барысында педагог өз сыныбында қандай брошюралармен, ноталық материалдармен жұмыс істейтінін көрсетті. Оқытушы Бубликова Эвелина, Бигайдарова Айша және Төлеген Айзара сынып оқушылары педагог көрсеткен шығармалар жинағынан туындылар ойнады.